+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 31 мыңнан астам адам қар тазалауға шықты

2020 жылғы 27 қаңтар 04:02
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 31 мыңнан астам адам қар тазалауға шықты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында 30 мыңнан астам адам Birgemiz акциясына қатысты. Олардың қатарында өңірдің белсенді тұрғындары, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Полицейлер мен волонтерлер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты СҚО-да полицейлер қар күреуге шықты Күршімдік еріктілер жалғызбасты қарттарға көмір алып берді – ШҚО

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, акция барысында жас волонтерлер ерекше белсенділік танытты.
Жалпы облыс бойынша көшелер мен аулалардан 40 мың текше метр қар шығарылды.
«Өңірде волонтерлықты дамыту – өте маңызды міндет. Біз өз ауласын тазалай алмайтын ардагерлерге, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесеміз. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері өз кезегінде осы мекенжайлардан қар шығару жұмыстарын ұйымдастырды», - деді Қарағанды облысы Жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Нұржан Жетпісбаев.
«Мен балаларға өте ризамын. Біздің ауланы қалың қар басып кетті, тіпті үйден де шыға алмай қалдық. Ал олар көмектерін көрсетті. Бұл – өте қажетті акция. Оны ойлап тапқан адамдарға рахмет айтамыз», - деді зейнеткер Татьяна Назарова.
Қала және аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша, акцияға 31 мыңнан астам адам және 1643 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Орталық көшелерден, саябақтардан, гүлзарлар мен жая жүргіншілер жолдарынан қар тазалау және шығару үшін 803 бірлік арнайы техника тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT