USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 30-дан астам үйдің шатырын жел ұшырып кетті

2018 жылғы 21 тамыз 15:54
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 30-дан астам үйдің шатырын жел ұшырып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қатты жел соғып, 30-дан астам үйдің шатыры күйреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 тамыз күні сағат 20:12-де Нұра ауданына қарасты Тассуат ауылында екпіні секундына 18 метрге жететін дүлей жел «Мәдениет үйінің» шатырының 630 шаршы метр (ғимараттың жалпы аумағы 788 шаршы метр) аумағын, Тассуат орта мектебі ғимараты шатырының 20 шаршы метрін (жалпы аумағы 2518 шаршы метр), жеке 31 тұрғын үйдің және «Нұра Бидай» ЖШС қоймаларының шатырының 3135 шаршы метр аумағын жұлып әкеткен», делінген хабарламада.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс жасап жатыр.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT