Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда кішкене баланы ұрлап, өлтірген күдікті ұсталды. Полиция ер адамды вокзалдың маңында ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 қыркүйекке қараған түнде Қарағанды вокзалының алдында полиция кішкентай баланы өлтірді деген күдікке іліккен Игентай Кәрімұлы Сопыжановты ұстады.

«Сопыжанов баланы ұрлап, артынша өлтіргенін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің айыбын дәлелдеу үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Қарағанды облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин.

Еске салайық, 5 қыркүйекте Шет ауданының полиция бөліміне Бұрма ауылының 22 жастағы тұрғынынан суыт хабар түсті. Келіншектің айтуынша, ауылдағы дүкеннің алдында танысы оның қолындағы кішкентай баласын күшпен тартып алып, зытып отырған. Алдын ала деректер бойынша, ер адам келіншекті бірге тұруға көндірмек болған. Сонысына көнбегендіктен, келіншекке өшігіп, баласын ұрлап кеткен.

8 қыркүйек күні 10:00 шамасында Қарағанды облысының Шет ауданында, Бұрма ауылының шетінде полиция қызметкерлері ұрланған 3 жасар баланың денесін тапты. Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр.

Құқық қорғау органдары басшылығы шұғыл түрде республика бойынша күдіктіге іздеу жариялаған болатын.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру»), 2-бөлігімен тіркелді.




Соңғы жаңалықтар