Қарағанды облысында 3 мыңнан астам әлеуметтік қорғалатын отбасы пәтер алады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауқымды құрылыс жұмыстары жалғасады. Биыл кезекте тұрған 3 мыңнан астам адамды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарда бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдің сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн форматта өткен халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді.

«Халықты толғандыратын басты мәселелердің бірі – тұрғын үй және инфрақұрылым. Облыста 36 мыңнан астам азамат әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұр. Біздің міндетіміз – барынша көбірек құрылыс жүргізу. Өткен жылы өңір бойынша ауқымды құрылыс жұмыстары өтті. Рекордтық 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. 6 500-ге жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты», - деді облыс әкімі.

Әлеуметтік қорғалатын санаттағы 2 500 кезекте тұрғандар пәтер алды.

Әкімнің айтуныша, әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй беру қарқыны бір жылда 40%-ға өскен.

Ол 2021 жылы 20% өсіммен 660 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланғанын хабарлады. Бұл 3 мыңнан астам жанұяға, оның ішінде 600-ге жуық көп балалы отбасыға жалға берілетін және несиелік пәтерлерді табыс етуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар