Қарағанды облысында 25 мыңға жуық адам экосенбілікке шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «World Cleanup day 2021» және «Birge-taza Qazaqstan» Дүниежүзілік акциясына қатысты. Экосенблікке өңірдің 25 мыңға жуық тұрғыны шықты. Олар 3 мың тоннаға жуық қоқыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының барлық өңірінде «World Cleanup day 2021» және «Birge-taza Qazaqstan» акциясы өткізілді. Аталған акцияның мақсаты – елді мекендерде рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді тазалау, абаттандыру.

Облыста барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, іс – шараға 24,6 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері – 6 639, волонтерлер – 1 874, тұрғындар - 16 мыңға жуық адам.


Қарағандыда Экология департаменті мен Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп Жеңіс саябағының аумағында сенбілік ұйымдастырды.

Бұл күні «World Cleanup day 2021» акциясы әлемнің 150 елінде өтті, оған 380 млн-нан астам адам қатысты.


Сенбілік «Қоқысты сұрыпта, тапсыр, қайта өндір» акциясын да қамтыды, онда қалдықтар қайта өңделетін және қайта өңделмейтін деп екі түрлі пакетке сұрыпталды. Жиналған қалдық қайта өңдеуге берілді.


Жоғарыда көрсетілген акциялар аясында облыстың 18 елді мекенінің аумағында ауданы 2 мың гектер алқапта 2,9 мың тонна тұрмыс қоқысы жиналды және 2 150 тұрлі көшет отырғызылды.


Соңғы жаңалықтар