Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қарағанды облысында 21 жастағы жігіт Есіл өзеніне батып кетті

2022 жылғы 14 маусым 08:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 21 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Осакаров ауданында болған.

Осы ауданға қарасты Есіл ауылынан 1 шақырым жерде жергілікті тұрғындар Есіл өзеніне батып кеткен 2001 жылғы жігіттің денесін судан алып шыққан.

Бұл жер шомылуға арнап жабдықталмағанын айта кету керек.

Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымында қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар ақыл-кеңес ұсынады.

«Рұқсат етілген жерлерде ғана шомылуға болады. Үрлемелі қайықпен ж ағадан алыс жүзіп кетпеңіз, оларда ақау болуы мүмкін, ал бұл тіпті жақсы жүзе білетіндер үшін де өте қауіпті. Ө тіп бара жатқан кемелерге қарай жүзбеңіз, жалпы буйкадан аспаған дұрыс. Д ауылды ауа райында немесе қатты жел соғып тұрған жерлерде шомылуға болмайды» деп ескертеді құтқарушылар.


Автор:

Жанат Қапалбаева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары