+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 202 маршрут бойынша автобус қатынап жүр

2020 жылғы 18 қараша 19:28
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 202 маршрут бойынша автобус қатынап жүр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағандыда коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Есентаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам мектеп оқушыларын тасымалдаған Астанада осы жексенбіде автобус жүрмейді

Облыс аумағында короновирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шаралары қабылданды.

Бірінші кезеңде сәуір айынан бастап барлық көлік түрімен жолаушы тасымалдау тоқтатылды. Карантин кезеңінде аймақтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тасымалдау үшін арнайы автобус рейстері жұмыс істеді.

«5 мамырдан бастап карантин режимінің босаңсуына байланысты біз санитарлық шараларды сақтай отырып, қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңімен қайта бастадық. 1 маусымнан бастап халықаралық бағыттардан өзге 226 автобус бағыты қайта жаңарды. Сондай-ақ, маусым айында жолаушылар пойызы үш кезеңмен жүре бастады. Сонымен қатар, мамыр айында FlyArystan авиакомпаниясының облысішілік Қарағанды-Жезқазған авиамаршруты және Қарағанды-Алматы, Қарағанды-Өскемен облысаралық авиақатынасы іске қосылды», - деп хабарлады Нұрлан Есентаев.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін және жалпы ел бойынша коронавируспен сырқаттанудың өскенін ескере отырып, мемлекеттік комиссия бірқатар шешім қабылдап, оның ішінде жолаушылар тасымалы бойынша шектеу шараларын енгізген болатын.

Ал 31 тамыздан бастап карантин режимін жеңілдете отырып, басқарма Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, облысішілік 202 маршрутты жаңартты.

Ұйымдастырушысы министрлік саналатын 24 облысаралық және 8 халықаралық рейстен басқасы қайта жүре бастады.

Автобустар экипажы санитариялық іс-шараларды бұлжытпай жасайды. Атап айтқанда, әрбір соңғы пункте тұтқаларды, орындықтарды дезинфекциялап, сондай-ақ ауысым аяқталғаннан кейін автобус салонын толық жуып, дезинфекциялайды.

Сондай-ақ, жалпы вагондарды тіркеместен облысішілік теміржол бағыттары қайта жанданды.

«Сапаны бақылау органдары мобильді топ құрамында басқарма қызметкерлерімен бірлесіп, шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап жолаушылар көлігіне санитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізуде. 5 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін қоғамдық көліктің 31 желілік қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Теміржол және әуе көлігі саласында да рейд жүргізілуде», - деп түсіндірді көлік және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Есентаев.

Бүгінгі күні көліктегі СЭС органдары мобильді топтардың құрамында теміржол және әуе көлігі объектілеріне жоспардан тыс 18 тексеру жүргізді.

Оның қорытындысы бойынша пандемия кезеңінде санитарлық ережелерді бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға және 23 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік кәсіпорындары қызметкерлерінің санитарлық талаптарды сақтау мәселесі бақылауда тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT