Қарағанды облысында 2 жасар бала екі күннен бері табылмай жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында құтқарушылар үйінен шығып, жоғалып кеткен екі жасар баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік ТЖД-ның мәлімдеуінше, Балқаш маңындағы Техснаб кентінде жоғалған ұл бала екі күннен бері іздестіріліп жатыр.

Бастапқы дерек бойынша, екі жасар бала аулада ойнап жүрген, кейін үйдің аумағынан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Іздеушілер үйдің маңайын, ауылдағы құдықтар мен шұңқырлар, Балқаш көліне құятын арналарды қарап шықты.

Департаменттің мәлімдеуінше, ішкі істер органдарымен бірлесіп іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру бойынша штаб құрылған. Оған өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, еріктілер жұмылдырылған. 

Соңғы жаңалықтар