Қарағанды облысында 17 қаңтардан бастап карантин күшейтіледі
2022 жылғы 14 қаңтар 18:48

Қарағанды облысында 17 қаңтардан бастап карантин күшейтіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 17 қаңтардан бастап санитарлық-карантиндік режим күшейтіледі. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне және өңірдің «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты қосымша шаралар енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда қарастырылған жаңа шектеулер туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім етті.

Облыста ашық ауада да, үй ішінде де жаппай іс-шараларға тыйым салынады. Отбасылық және басқа да шараларды үйде де ұйымдастыруға болмайды. Тек еске алу рәсімдерін Ashyq-қа қатысатын нысандарда өткізуге рұқсат етіледі, сондай-ақ шақырылғандардың саны 30 адамнан аспауы тиіс.

Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан келесі нысандардың жұмысына тыйым салынады:

- концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің қызметі;

- діни бірлестіктер нысандарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар және т. б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізу;

- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізу;

– жеке кездесулер өткізу, вакцина еккендерді қоспағанда – 10 адамға дейін;

- түнгі клубтардың қызметі;

- қоғамдық тамақтану объектілерінде барда қызмет көрсету.

Караоке-барларда әндер мен билерге тыйым салынады, мекемелер тек қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсына алады (толымдығы 50%-дан және 50 адамнан аспауы тиіс).

Қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстел басында 4 адамнан артық болмауы тиіс (бір отбасы мүшелерін қоспағанда). Бұл жағдайда адамдар арасында кемінде 1,5 метр қашықтық болуы керек.

Кинотеатрларға Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуге рұқсат етіледі, және олар 30%-дан артық толтырылмаған жағдайда. Өткізу – «жасыл» мәртебесі барларға ғана рұқсат етіледі.

Мемлекеттік ұйымдарда, ұлттық компанияларда, кәсіпорындарда қызметкерлердің кемінде 70%-ын Сovid-19-ға қарсы вакцинациядан өткеніне қарамастан қашықтықтан оқытуға ауыстыру қажет. Ерекшелік – тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілеріне ғана.

Юрий Залыгин сонымен қатар оқу орындарының қалай жұмыс істейтінін айтты.

Барлық ауылдық мектептер мен қалалар және аудан орталықтарындағы оқушылар саны 600-ге дейін болатын мектептерде оқыту штаттық форматта жүргізіледі.

Оқушылар саны 600 және одан көп болса, қала мектептері мен аудан орталықтарының мектептері қашықтықтан оқыту нысанына көшеді. Ерекшелік – офлайн режимінде оқуды жалғастыратын 1-2 сыныптар. Кезекші сыныптар 3-5 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.

Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқыту аралас форматта жүргізіледі: дәрістер – онлайн; практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар – икемді график бойынша оффлайн.

Вакцинацияланған оқушылар мен студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға рұқсат етіледі.

Штаттық форматта қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтарға, сондай-ақ 10 адамға дейін топтық сабақтарға рұқсат етіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған түзету орталықтарында /кабинеттерде оффлайн форматында 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтарға рұқсат етіледі, егер көп болса, онлайн режимінде.

Бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

Жатақханаларға тек вакцинацияланған студенттерді орналастыруға болады. Тек 18 жасқа дейінгі студенттер, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 айда COVID-19-бен ауырғандарға рұқсат беріледі. Жатақханаға бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынады.

100 шаршы метрден астам сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес сауда үйлеріне, сондай-ақ ауданы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік желілеріне кіруге тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Бұл спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес-орталықтарға, моншаларға, сауналарға, бассейндерге де қатысты.

Көрермендермен спорттық іс-шараларды толтыру 20%-дан аспаған кезде; спорттық жаттығуларды толымдығы 50%-дан аспаған кезде өткізуге рұқсат етіледі.

PlayStation қоса алғанда, компьютерлік клубтар 50% дан аспайтын мөлшерде жұмыс істей алады.

Вакцинация мәртебесіне қарамастан шетелден келгендердің барлығында теріс ПТР тесті болуы керек.


Jańalyqtar

MURAǴAT