+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды

2019 жылғы 18 мамыр 14:30
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыстың барлық дерлік қалалары мен аудандарында көпбалалы аналарға пәтер кілттері табыс етілді. Мемлекет тарапынан берілген және меценаттар сыйлаған жаңа пәтерлерде 15 отбасы қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 мамырда Қарағанды облысында 15 көпбалалы отбасы пәтер кілттерін алды. Жаңа баспанаға Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск, Саран, Теміртау, Абай, Нұра, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Осакаров және Шет аудандарының тұрғындары ие болды.

Қоныс тойын тойлаушылар арасында Жезқазған қаласының тұрғыны, 10 бала асырап отырған батыр ана Жаңыл Бидәулетованың отбасы да бар. Осыған дейін олар жалға алынған пәтерде тұрып келген. Пәтер кезегінде 2005 жылдан бері тұрған еді. Енді отбасы жергілікті кәсіпкер меценаттардың арқасында баспаналы болып отыр.

Ал Саран қаласында пәтер кілті көпбалалы ана Жанар Қанапинаға берілді. Оның жолдасы сылақшы болып жұмыс істейді, ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп отыр. Бұрын отбасы пәтер жалдап тұруға мәжбүр болған. Енді міне, олардың өз баспанасы бар.

Қарағанды облысында мамырдың соңына дейін 133 көпбалалы отбасына пәтер кілті табысталады. Биыл 560 көпбалалы отбасы өз баспанасына қол жеткізеді деп жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT