+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 14 млн теңгенің тендерін ұтқан кәсіпкер жоғалып кетті

2021 жылғы 11 қыркүйек 20:34
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 14 млн теңгенің тендерін ұтқан кәсіпкер жоғалып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 8 күн бұрын жоғалып кеткен ер адам әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары облыстық Полиция департаменті басшысының жеке бақылауын алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында балалар спортына миллиардтан астам теңге бөлінді «Жасыл» энергетика Қарағанды облысында белсенді дамуда

Өткен жұма, 3 қыркүйек күні вахталық жұмысқа кеткен 39 жастағы қарағандылық жоғалып кетті. Ол жұмысына бармаған. Жоғалған азаматтың туған-туыстары ол соңғы рет Қаражал қаласынан хабарласқанын хабарлаған. Қазіргі уақытта жігітті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оны облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин жеке бақылауына алғанын Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

«Із-түзсіз жоғалған азаматты іздеуге ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Қазіргі уақытта облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы, Жаңаарқа ауданы, Қаражал қалалық Полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған іздеу топтары жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ азаматты іздеу жұмысына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен еріктілер тобы да жұмылдырылды. Сонымен қатар іздестіру жұмысына әуеге тікұшақ көтерілді. Бұл бағыттағы жұмыс бақылауда», - деп жазылған департамент басшысының жеке парақшасында.

Өңірдің танымал блогері де Facebook парақшасында осы жағдай туралы жазба жариялаған. Онда ол жоғалған жігіт биыл 14 млн теңгеге тендер ұтқанын тілге тиек етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT