Қарағанды облысында 12 мыңнан астам жасөспірім екпе алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда босануға дайындық мектебінің мамандары енді жүкті әйелдерге вакцина туралы кеңес береді. Олар сондай-ақ жасөспірімдердің ата-аналарымен де жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының №4 емханасында жүкті әйелдерді босануға дайындайтын арнайы мектеп жұмыс істейді.

Оларға психологтар мен акушерлер кеңес береді.

Жүкті әйелдерді вакциналау басталғалы мамандар екпе алудан үрейленетіндерге екпенің пайдасы мен қажеттілігі жөнінде сабақтар өткізеді.

«Жүкті әйелдерді вакцинациялауда олар біріншіден неден қорқатындарын айтады. «Бұл вакцина іштегі нәрестемізге кері әсер ете ме?» деген сұрақтар қояды көбіне. Және өз денсаулығына да қатты алаңдайды. Сондықтан біздің емханада «антиковид мектебі» деп аталатын орталық жұмыс істейді. Біз барлық сұрақтарға жан-жақты жауап береміз», - дейді Қарағанды қаласының №4 емханасы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Нұрғайың Батырлина.

Салтанат Жолдасова - вакцина алғандардың бірі. Ол алғашында екпеге күмәнмен қарағанын айтады.

Алайда, дайындық мектебінің мамандарымен әңгімелесіп, вакцинация жасауға бекініпті.

«Маған барлығын түсіндіріп айтты. Қорықпауымды сұрады. Керісінше, вакцина маған да, балама да жақсы әсер ететінін түсіндіріп берді. Жүктіліктің 36-шы аптасында осында келіп, Pfizer вакцинасын алдым», - дейді Салтанат Жолдасова.

Бүгінгі күні облыс бойынша 544 жүкті әйел егілді. Енді эпиджағдай туралы айтсақ: өткен тәулікте біздің өңірде коронавирустың 51 жаңа жағдайы тіркелді.

Өз кезегінде оңалғандардың саны - 12 адам.


Соңғы жаңалықтар