Қарағанды облысында 12 адам тамақ жеп уланған дөнер дүңгіршегі жабылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 10-нан астам адам дөнер дүңгіршегінен донер сатып алып, уланғаннан кейін осы сауда орны тексерілді. Бүгінде бұл дүңгіршектің қызметі тоқтатылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ақпаратынша, дөнер дүңгіршегін жоспардан тыс тексеру жұмыстарының қорытындылары бойынша, бірқатар заң бұзушылықтар анықталған: дүңгіршекте ыстық су, дезинфекциялық құралдар, өндірістік бақылаудың бекітілген бағдарламасы болған жоқ, шикізат пен дайын өнімді сақтау кезінде «тауарлық көршілестік» ережелері сақталмаған, сапасын растайтын құжаттары жоқ тағамдық өнім қолданылған, сондай-ақ қызметкерлері медициналық тексеруден уақтылы өтпеген.

Зертханалық зерттеулер бойынша, дүңгіршекте патогендік микрофлора (1-Salmonella interitidis, 3 - Рroteus mirabilis) анықталды, бұл онда санитарлық нормалардың сақталмағанын білдіреді.

Ведомствода атап өткендей, медициналық тексеруден мерзімінде өтпеген бір қызметкерді уақытша жұмыстан шеттету туралы  және нысанда санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды өткізу туралы қаулы шығарылған. 24 қазан күні жеке кәсіпкер дөнер дүңгіршегінің қызметін тоқтатты.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 қарашасында Абай ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына дөнерхананың қызметін тоқтату туралы арыз шағым жіберді.

Еске сала кетейік, 22-24 қазан күндері аралығында Қарағанды облысының Абай қаласында 12 адам медициналық көмекке жүгінген, соның ішінде 8 адам (арасында бір бала) ауруханаға жатқызылды. Оларға «өткір ішек инфекциясы» диагнозы қойылды. Медициналық көмек сұрап келген барлық қалалық азаматтардың жергілікті дөнерханадан тамақтанғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар