Қарағанды облысында 11 жаңа кәсіпорын ашылады

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында жаңа инвестициялық жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында 52 жобаның инвестициялық пулы құрылды. Жаңа кәсіпорындар ашу 12 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Биыл он бір жоба іске қосылады, оның үшеуі шетелдік қатысумен. 2179 жұмыс орны құрылады. Бүгінгі таңда бір жоба іске қосылды», - деді аймақ басшысы.


Биылғы жобалардың бірі – Саран қаласында тұрмыстық техника шығаратын зауыт салу. Мұнда мыңнан астам адам жұмысқа орналасады.

Қарағанды облысында моноқалаларды дамытуға баса назар аударылуда. Осылайша, Saran индустриялық аймағы кеңеюде. Осының арқасында алты мың жұмыс орны ашылады.

Өңірдегі моноқалаларының тізіміне Балқаш енді. Қаланы дамыту бойынша 66 іс-шарадан тұратын кешенді бес жылдық жоспар әзірленді. Негізгі міндет – Балқаштың әлеуетін арттыру және оны жергілікті және шетелдік туристер үшін тартымды ету.


Соңғы жаңалықтар