Қарағанды облысында 1-сыныпқа баратын балалардың жартысы қазақша білім алады

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға құжат қабылдау аяқталды. Қарағанды облысында болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 17 мың өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құжат қабылданған 4 айда 17 мың өтініш қабылданды, оның 82% - электронды форматта. Балалардың 53% қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылданды. Қазақ тілінде білім алатын сыныптардың басым бөлігі Ақтоғай (94,6 %), Қарқаралы (88,5 %), Шет (88,2 %) аудандарында және Приозерск (78,8 %) пен Балқаш (76%) қалаларында», – деп хабарлады білім басқармасынан.

Ең көп бірінші сынып оқушылары Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Шет аудандарында тіркелді.


Соңғы жаңалықтар