Қарағанды облысынан шығатын барлық жолдар жабылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды облысының автожолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметіне сәйкес, көктайғақ пен жаяу бұрқасынға байланысты 7 ақпан, сағат 00.07-ден бастап көліктің барлық түрі үшін барлық бағыттағы жолдар қозғалыс үшін жабылды», - делінген Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін келесі автожолдар жабылған болатын:

- «Жезқазған - Петропавл» (24-252 км, Сатбаев қаласы - Қостанай облысының шекарасы);

- «Қызылорда - Павлодар» (433-750 км, Жезқазған қаласы - Атасу кенті).

Сондай-ақ мына жолдарда қозғалысқа тыйым салынды:

Атап айтқанда: - «Екатеринбор-Алматы» автожолының 917-1247 шақырым аралығы (Жақсы кенті - Нұр-Сұлтан қаласы);

- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы - Сурган кенті);

- «Жезқазған Петропавл» автожолының 337-595 шақырым аралығы (Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары шекарасы);

- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-65 шақырым аралығы (Жақсы-Есіл).

Синоптиктер республиканың барлық дерлік өңірінде ескерту жариялады.


Соңғы жаңалықтар