Қарағанды облысына қарасты жолда жеңіл көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

None
None
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысына қарасты жолдың 200 шақырымынан астам жеріне жеңіл көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл ақпаратты ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

«Жауын-шашын салдарынан жол бетіне судың шығып, қиыршық тас жолдың үстін қоймалжың лай басып қалуына орай Қызылорда-Павлодар автожолының Қызылорда облысының шекарасы мен Жезқазған учаскесіндегі 216-424-ші шақырымы аралығында жеңіл автокөлік үшін қозғалыс шектелді», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар