кеше 16:19 Балқаш қаласында төтенше жағдай жарияланбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Балқаш қаласында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 18:43 «АрселорМиттал Теміртауға» жоспардан тыс тексерістен кейін 1,2 млрд теңге айыппұл салынды ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Экологтардың тексерісінен кейін «АрселорМиттал Теміртау» ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам сомада айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Қарағанды облысының Экология департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 18:30 Жүк көлігі Қарағанды облысындағы екі ауданды жарықсыз қалдырды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жүк көлігі электр сымдарын зақымдап, салдарынан Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандары жарық пен байланыссыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 20:24 Қарағандыда шомылуға барған бір топ жастардың бірі көз жұмды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында 19 жастағы жігіт Федоров су қоймасына суға батып кетті. Бір топ жастар тыйым салынған жерде шомылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 17:37 Балқаштағы құйынды жел: Зардап шеккен тұрғынның жағдайы белгілі болды БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш дәрігерлері көпқабатты үйдің құлаған шатырынан зардап шеккен тұрғынның жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 15:48 Өскеменде 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап көз жұмды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 3 жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 01:47 Балқашта қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. Төтенше жағдайдың салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 21:29 Қарағандыда шенеунік полицей парамен ұсталды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 170 мың теңге көлемінде пара алып жатқан Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.06.2023 03:28 Қарағанды шаһары Қазақстанның IT-астанасына айналмақ ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы «Террикон алқабы» өңірлік ІТ-хабы 2025 жылға дейін 10 мың ІТ-маман даярламақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 22:23 Қарағандыда жаңа балалар ауруханасы ашылды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда көпсалалы облыстық балалар клиникалық ауруханасы ашылды. Ол 200 науқасқа арналған. Онда 450 дәрігер жұмыс істейтін болады. Ғимаратта жүре алмайтын науқастарды тасымалдауға арналған лифтілер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 20:43 Қарағандыда өндірілетін бие сүті Араб Әмірліктеріне экспортталады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында неміс технологиясы бойынша бірегей өнім – мұздатылып кептірілген бие сүті шығарылады. Өнім тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де белгілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 09:01 Қарағандыда жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған жаңа балалар ауруханасы ашылды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда көпсалалы облыстық балалар клиникалық ауруханасы ашылды. Ол 200 орынға арналған. Ауруханада 450 дәрігер жұмыс істейтін болады. Ғимаратта жүре алмайтын науқастарды тасымалдауға арналған лифтілер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 22:05 Қарағанды жұртшылығы Спасск мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дипломатиялық миссия басшыларымен және жұртшылықпен бірге Спасск мемориалындағы ескерткіш белгілерге гүл шоғын қойды. Бұл жерлерде 1930-1950 жылдары КСРО НКВД – ІІМ бөлімшелері, әскери тұтқындар мен жер аударғандарға арналған лагерьлер, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 17:47 Қарағанды ІТ хабының түлектері Кремний алқабында білім алып жатыр ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Он бес әлеуетті қазақстандық стартапшы АҚШ-қа оқуға кетті. Олардың ішінде «Террикон алқабы» Қарағанды IT хабының төрт түлегі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 12:40 Нұрлан Ламбеков Приозерск қаласының әкімі қызметіне тағайындалды ПРИОЗЕРСК. ҚазАқпарат - Приозерск қаласында жаңа әкім таныстырылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл лауазымға Нұрлан Ламбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 09:55 Қарағанды облысында биыл 7 мыңнан астам бала жазғы лагерде демалады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін өңірде түрлі шаралар мен акциялар қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 05:27 Қарағандыда жартылай марафонға 3 мыңнан астам адам қатысты ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 28 мамыр күні Qaragandy Half Marathon стартына Қазақстанның бірқатар өңірінен жас және егде жастағы спортшылар, әуесқойлар мен кәсіпқойлар, барлығы 3256 адам жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 05:28 Балқашта заманауи емхана ғимараты салынды ҚАРАҒАНДЫ, ҚазАқпарат - № 2 емханаға бекітілген Балқаш тұрғындары енді жаңа заманауи ғимаратта медициналық көмек алатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
28.05.2023 19:05 Қарағанды облысында ер адам ажырасу кезінде әйелін пышақтап өлтірді ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ажырасу процессі кезінде АХАТ бөлімінде ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, алған жарақатынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 16:30 «Арқаның алтын тәжі»: Қарқаралыда қай жерге барып демалуға болады ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралы ұлттық табиғат бағы мен әсем таулары – Сарыарқаның інжу-маржаны. Бұл аймақтың таза табиғаты тәнді ғана емес, адам жанын да емдей алады. Біздің тілшіміз Қарқаралының туристік нүктелеріне қалай жетуге болатынын айтып береді.