Қарағанды облысы: Жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шет ауданында жедел жәрдем көлігі автожолда қар құрсауында қалып қойды. Дәрігерлер ауылдан қалаға инфаркт алған ер адам мен босану мерзімі жеткен жүкті әйелді алып келе жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 ақпанда Шет ауданында жедел жәрдем көлігінің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар шықты.

«Қызылқой ауылына қарасты «Алматы-Екатеринбург« тасжолында қар құрсауында тұрып қалған жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөліктен 9 адам құтқарылды. Қарағанды облысының ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының күшімен құтқарылған адамдар, оның ішінде екі науқас: инфаркті бар ер адам және босануға дайындалып жүрген жүкті әйел Қарағанды қаласына жол талғамайтын көлікпен жеткізілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.


Соңғы жаңалықтар