Қарағанды облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы келді

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мақсұт Қожанов Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Осы тағайындауға дейін ол Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мақсұт Жолдыбайұлы 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жетекші маманнан мекеме басшысының орынбасарына дейінгі мансап жолынан өтті.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Саран қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс мәселелері жөніндегі орынбасары болды.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Екі жоғары білімі бар.

2006 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы» мамандығы бойынша, инженер;

2009 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, құқықтану бакалаврын бітірген.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар