Қарағанды облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қалел Мақсұтов облыстық Жер қатынастары басқармасына басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалел Мақсұтов 1964 жылы 23 мамырда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылында дүниеге келген, білімі жоғары. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқықтану» және «экономика бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қарқаралы автокөлік кәсіпорнының жүргізушісі болып бастады. 1987 жылдан 1993 жылға дейін комсомол органдарында жұмыс істеді. Одан кейін Қарағанды облыстық әкімшілігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, облыстық Жастар ісі, туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары, Мичурин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, Абай ауданы әкімінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды.

1999 жылдан 2009 жылға дейін Атырау облысының әртүрлі мекемелерінде жұмыс істеді. Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

2009-2011 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болды. Сегіз жыл бойы, 2011 жылдың мамырынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қарқаралы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.


Фото: karaganda-region.gov.kz


Соңғы жаңалықтар