Қарағанды облысы полициясының 500-ге жуық қызметкері марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің бұйрығымен қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген ішкі істер органдарының қызметкерлері медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен – бір қызметкер, ҚР ІІМ грамотасымен – үш, «Ішкі істер органдарының үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгісімен – алты, алғыс хатпен алты қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ бес қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін алып, облыстық ішкі істер органының жеті қызметкеріне алғыс жарияланды.


Облыстық Полиция департаменті бастығының грамотасымен – 34 қызметкер, алғыс хатымен 24 қызметкер марапатталды, 375 қызметкерге алғыс жарияланды.

«1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Бұл мереке – Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевқа сіңірген ерен еңбегі, Тәуелсіз Отанымыздың дамуына қосқан үлесі үшін құрмет. 1991 жылғы 1 желтоқсанда осындай мықты және беделді саясаткердің Президент лауазымына сайлануы еліміздің дамуы үшін тұрақтандырушы фактор болды. Елбасының көреген саясаты қарапайым адамдардың шынайы құрметіне бөленіп, әлемдік көшбасшыларды тәнті етеді. Бүгінде Қазақстанда 140 этнос пен 40 конфессияның өкілдері бір үлкен және тату отбасы болып өмір сүруде. Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған және ол басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей институтқа айналды, ол бізді біртұтас Қазақстан халқына біріктірді», - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.



Соңғы жаңалықтар