Қарағанды облысы қысқа дайындалып жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы дәл қазір қысқа 66,8% дайын. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жылу маусымына дайындық жұмыстары кестеден алда келеді. Дайындық жоспары сомасы 56 млрд теңгеден асатын жөндеу жұмыстарын да қамтыған.

«Жоспар бойынша дайындық 65% болуы тиіс еді, бірақ орындалған жұмыстар жалпы жоспардың 66,8%-ын құрайды. Дегенмен Теміртауда және Қарқаралы аудандарында жөндеу жұмыстары кешеуілдеп тұр. Сондай-ақ Қарағандыда, Балқашта, Қаражалда, Сәтбаевта және Ұлытау ауданында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу маусымына дайындау жұмыстарында артта қалушылық байқалады», - деді Анатолий Шкарупа.

Облыс әкімінің орынбасары қалалар мен аудандардың әкімдері облыстық басқармалармен бірлесе отырып, жылу маусымына дайындықты күшейтуі тиіс екенін айтты.

«Біз алпыс пайыздық белестен астық. Яғни күз-қыс маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Қорытынды шығаруға екі ай ғана уақыт қалды. Сондықтан қалалар мен аудандардың әкімдері жоспардағы жұмыстардың дер кезінде орындалуын барынша қадағалуы тиіс», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар