Қарағанды облысы: Қырыққабаттың не үшін қымбаттағаны анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қырыққабат бағасы - 70% артты. Мамандар оған өңірдегі орамжапырақ қоры аяқталып, көкөністің бұл түрін Өзбекстаннан тасымалдау себеп болып отырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы уақытта бағаның өсуіне жол бермеу үшін Қарағанды облысында биыл 100 гектар жерге қырыққабат отырғызылмақ. Бұл аталмыш көкөніс өнімділігін 14 мың тоннадан 20 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Басқа көкөністер мен бакалея өнімдерінің бағасы тұрақтандыру қорының есебінен реттеледі. Әлеуметтік павильондардың сөрелеріне өнімдер сол жерден жеткізіледі. Қазіргі таңда қорда 1198 тонна картоп, 50 тонна сәбіз және қызылша, 68 тонна қарақұмық, күріш пен қант бар. Қосымша 136 тонна қант және 50 мың литр күнбағыс майы сатып алынады.

Келесі жылы Қарағандыда Көгілдір тоған ықшам ауданында ірі сауда орталығы салынады деп жоспарлануда. Ол 27 гектар жерді алады. Мұнда 130 мыңға жуық азық-түлік өнімдері өндіріледі, сатып алынады және сатылатын болады.

Соңғы жаңалықтар