Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығына қатысты бюджеттік қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Төлеген Сәдуақасовқа қатысты бюджеттік қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменова хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 4 наурызында Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Т. Сәдуақасовқа қатысты ҚР ҚК-нің 176 бабы, 3 бөлімі, «г» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол инсулин - дәрілік құралын сатып алу үшін республикалық бюджеттен бөлінген 19,5 млн. теңгені жымқыруда күдікті», - деді Г. Сүлейменова.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Т. Сәдуақасовтан ешқайда кетпеу жайлы қолхат алынды. Қылмыстық іс тергелуде.

Қаржы полициясы тергеудің мүддесіне орай оқиғаның мән-жайын айтудан бас тартып отыр.

Соңғы жаңалықтар