+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қарағанды облысы цифрлық технологияларды енгізуде үздік облыс деп танылды

2019 жылғы 11 желтоқсан 01:50
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысы цифрлық технологияларды енгізуде үздік облыс деп танылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттың «Өңір» депутаттық тобы Қарағанды облысында көшпелі отырыс өткізді. Отырыс «Қарағанды облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс үдерістерін цифрландыру үлгісі» тақырыбымен өтті, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының мектептеріне мамандар электрондық жүйемен қабылдануда Еліміздегі ең «ақылды» қалалар анықталды Автокөлікті қайта тіркеу: Онлайн қызметті пайдаланғандар 100 мыңнан асты

Шараға Сенат депутаттары – депутаттық топтың мүшелері Михаил Бортник, Мұратбай Жолдасбаев, Сергей Ершов, Рашит Әкімов, Ерболат Мұқаев, Сергей Плотников, Ерік Сұлтанов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Аблайхан Оспанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов, облыстық мәслихат депутаттары және кәсіпкерлер қатысты.

Шараны ашқан «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Михаил Бортник Мемлекет басшысының экономиканы одан әрі цифрландыру бойынша міндет қойғанын еске сала отырып: «Цифрландыру - кәсіпорындар мен жалпы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Одан әрі өсу цифрландыру қарқынын жеделдетуге, экономиканың барлық секторларында цифрлық құралдарды белсенді енгізуге байланысты», - деді.

Сенатор Қарағанды облысы сандық технологияларды енгізуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген жетекші индустриялық аймақ екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары А.Ержанов тау-кен өнеркәсібінің жүйе құраушы кәсіпорындарын цифрландыру аясында 283,3 млрд теңге сомасына 53 жобаны жүзеге асыру жоспарланғанын, оның ішінде 59,1 млрд теңгеге 22 жоба іске асқанын, 31 жобаны аяқтау көзделіп отырғанына тоқталды.

«Қазақмыс корпорациясы», «Алтыналмас АК», «Eurasian Foods Corporation» акционерлік қоғамдарының басшылары аталған кәсіпорындарда цифрландырудың жоғары деңгейіне қол жеткенін айтты, бұл өндіріс процестерін айтарлықтай оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Сенаторлар С.Ершов пен Е.Сұлтанов экономиканың тиімділігі мен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында барлық салаларды одан әрі цифрландырудың маңызды екеніне назар аударды.

Сенаторлар көшпелі отырыс аясында «Бемер арматура», «Recycling Company», «Eurasian foods», «Maker» кәсіпорындарында болып, өндіріс процестеріне сандық технологияларды енгізу барысымен танысты.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, еліміздің Үкіметіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT