Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына Данияр Ақжанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

«ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша 2019 жылғы 13 маусымда Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып Данияр Мейрамұлы Ақжанов тағайындалды»,- делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Данияр Ақжанов 1974 жылы 5 қазанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1997 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің әр түрлі лауазымдарында, оның ішінде басшылық лауазымдарда болған.

Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті өткізу пункттерінің аймақтық мониторинг басқармасының бастығы, «Достық»кедені бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы.

2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер органдарындағы қызмет, оның ішінде басшылық лауазымдарда: Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің басшысы, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы болған.

2019 жылдың наурызынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің құзырлы органдарында, дәлірек айтсақ, 3-ші жедел-іздестіру қызметі департаментінің басқарма басшысы қызметінде болған.

Соңғы жаңалықтар