+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қарағанды облысы бойынша 12 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы егілді

2021 жылғы 12 сәуір 21:23
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысы бойынша 12 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы егілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау бойынша белсенді науқан жүріп жатыр. Аймаққа бүгінгі таңда вакцинаның 55 000-нан астам дозасы келіп түсті. Алдағы уақытта тағы да бірнеше мың дозаны алу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаны  21,5 млн тұрғын салдырған Алматыда бір тәулікте 570 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді 1 686 733 қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысында 10 сәуірден бастап халықты жаппай вакциналау басталды. Аймақта вакцина біртіндеп аудандық пункттерге таратылуда. Қарағанды қаласының №3 емханасының КВИ

бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Дүйсекенов екпені қалай алуға болатыны, облысқа қанша мөлшер қарастырылғаны және басқа да жайттар туралы айтып берді.


- Ербол Төлегенұлы, өңірде қанша адам егілді?

- Бүгінгі күні облыс бойынша 12 мыңға жуық пациент вакцинацияланды. Атап айтқанда, біздің емхана бойынша 652 адам вакцинацияланды, оның 494-І вакциналаудың екінші кезеңінен өтті.


- Жоспарланған басым топтардағы барлық қызметкерлер егілді ме? Немесе әлі

вакцинацияланбағандары бар ма?

- Біздің емхана бойынша басым топтардан медициналық қарсы көрсетілімдері бар бірнеше

қызметкерлерден басқа барлығы тәжірибелік түрде егілді.


- Қарағанды облысына вакцинаның қанша дозасы қарастырылған?

- Бүгінгі күні 55 000 доза келіп түсті. Олардың бір бөлігі өңірдің аудандарында егу пункттері бойынша таратылады.


- Балаларға неліктен екпе жасалмайды?

- «Спутник V» вакцинасы 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды, себебі оны осы жас тобында қолдану әлі зерттелмеген. Вакцинаны тек кәмелетке толған азаматтар ғана ала алады.


- Вакцинациядан кейін жанама әсердің ықтималдығы қандай?

- Вакцинаны қолдануға тән жағымсыз көріністер көбінесе жеңіл немесе орташа айқындылық

дәрежесінде болады, вакцинациядан кейін олар бірінші-екінші тәулікте дамуы мүмкін және келесі үш күн ішінде басылады. Қысқа мерзімді келесідей жалпы белгілер басқаларға қарағанда жиі дамуы мүмкін: қалтырау, қызба, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы және жергілікті инъекция орнындағы ауырсыну, гиперемия, ісіну.


- Қарапайым азаматтарға вакцина алу үшін не істеу керек?

- Вакцина алу үшін пациент тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге қаралуы немесе

eGov арқылы өтінім беруі қажет. КВИ-ға қарсы вакцинация барлығына тегін жүргізіледі.


- Екпеден кейін вакцинация паспорты бірден беріле ме?

- Электрондық вакцинация паспорты – бұл вакцинацияның медициналық тарихы. Бұл

вакцинацияланатын халықты үздіксіз жүргізу, бақылау және мониторинг жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль. Пациенттің вакцинацияны алғаны туралы деректері екінші компонентті алғаннан кейін құрылады, қазіргі уақытта ЭВП әзірлеу аяқталды және үш тілде қолжетімді. ЭВП медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде іске асырылған, ал пациенттер үшін вакцинация рәсімінен өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Құжатта азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакциналау процедурасының кезеңділігі, вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат болады. ЭВП болуы қосымша артықшылықтар бермейді.


- Басқа елдерде вакцинация паспорты жарамды бола ма?

- ЭПВ Қазақстан аумағында ғана қолжетімді. Басқа елдерде қазіргі уақытта бұл электрондық

паспорт жұмыс істемейді және қазіргі уақытта ешбір ел вакцинацияны талап етпейді.

Сұхбатыңызға рахмет!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT