Қарағанды облысы: Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 27 адам ауруханаға түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы Қарағанды облысында автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлығы 27 адам жеткізілді. Зардап шеккендердің ішінде 10 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығы Қарағанды қаласындағы түрлі клиникаларда ем алып жатыр. Үшеуі - №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде. Олардың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағалануда. Науқастардың бірі қалалық аурухананың станционарында ем қабылдауда. Төртеуі Мақажанов атындағы клиниканың палатасында жатыр. Жүкті әйел мен 12 жастағы бала динамикалық палатада. Таяу күндері жазылып шығуы мүмкін. Зардап шеккендер әртүрлі жарақат алған. Олардың жамбастары, мұрындары сынған. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Еске салайық, 21 қарашада сағат 08:00-де Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 982 шақырымында «Қушоқы ауылы-Қарағанды» бағытында қатынайтын жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан еді. Апат кезінде салонда 45 адам болған. 

Соңғы жаңалықтар