Қарағанды облысы: Ауылдарда қоқыс сұрыптау мәдениеті енгізілмек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Осакаров ауданында қайталама шикізатты қабылдау бекеті мен тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында жылжымалы сұрыптау кешенін орнату ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осакаров ауданының тұрғындары қоқыс тапсырғаны үшін ақша ала алады. Аудандық әкімдікте кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі консультативті-кеңес беру органының отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды өндіру және сұрыптау жобасы таныстырылды.

«Қазақстанда қоқысты бөлек жинауды жүзеге асыру жоспары әзірленді. Алайда тұрғындар қалдықтарды сұрыптаудың қандай пайдасы бар екенін әлі де білмейді. Біздің компанияның міндеті - бұл мәдениетті насихаттау», - деді Теміртау қаласының кәсіпкері Әлішер Айдаров.

Ол Осакаров кентінде қайталама шикізатты қабылдау бекетін ашуды және ТҚҚ полигонында жылжымалы сұрыптау кешенін орнатуды ұсынды. Кәсіпкер сұрыпталған қоқысты тапсырғаны үшін ауыл тұрғындарына ақша берілетінін атап өтті. Прайс парақшалар қалдықтарды қабылдау орындарында орналастырылады.

Жобаны мамыр айында іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорын түрлі қалдықтарды қабылдайды: қағаз, пластик, металл, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер пайдаланған химиялық тыңайтқыштар мен отын.

Кеңес жас кәсіпкердің идеясын қолдады. Жергілікті билік қажетті көмекті көрсетуге уәде берді. Қайталама шикізатты қабылдау пунктілері тек аудан орталығында ғана емес, Молодежный кентінде, сондай-ақ ауданның ауылдық округтерінде пайда болады.

Жобаны іске асыру арқылы экология жақсарады және ауылда жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жобаның бастамашылары ауыл тұрғындарының қатысуымен әлеуметтік желілерде экологиялық челленджді іске қосуды көздеп отыр. Қазіргі таңда аудан оқушылары эко-қозғалыс қатарына қосылды. Олар «ЭКО буын» көрмесінде өз идеяларын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар