+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қарағанды облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап қалды

2020 жылғы 14 шілде 12:45
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап қалды. Бұл қарқынды ұстап тұру қажет. Ол үшін бизнесті қолдау және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтитын дағдарысқа қарсы жоспар қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайға тағы 78 қазақстандық кәсіпорын зығыр тұқымын экспорттай алады – ҚР АШМ Қазақстан әуе компанияларының табысы 1,5 есе азайды Доллар арзандады

10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер онлайн режимінде аппараттық кеңесте талқыланды. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әрбір бағыт бойынша тапсырмалар берді.

- Бірінші жартыжылдықта облыс дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң динамикамен қамтамасыз етілді. Өнеркәсіпте 1,360 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі өңдеуші (106,4%) және тау-кен өндіру (105,7%) секторларындағы өсім есебінен 3,5%-ға артты, - деді экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Облыста көмір мен металл кендерін өндіру артты. Металлургия мен машина жасауда, химияда, азық-түлік өндірісінде өсім қамтамасыз етілді. Фармацевтика айтарлықтай қарқын алуда, бұл салада өндіріс 4,3 есеге артты.

Өңірде жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 8,3% өсіммен негізгі капиталға 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл көлемнің 85%-ы - жеке инвестициялар. 13 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 2 трлн теңгеден астам сомаға 44 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2020 жылға 14 жаңа өндірісті іске қосу жоспарланған, олардың бесеуі іске қосылды.

Облыста үлкен құрылыс жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі үштен бірге өсті. Тұрғын үйді іске қосу барлық қалалар мен аудандар бойынша ұлғайды. Биылғы жылы тұрғын үй құрылысының ауқымын 42,5%-ға көтеру міндеті тұр.

Суағарларды қайта құру және салу бойынша 95 жоба іске асырылуда. Бұл биылғы жылы қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуін 98%-ға дейін, ауыл тұрғындарын 87%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Аппараттық кеңесте тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды сақтау бойынша дағдарысқа қарсы жоспар туралы айтылды. Оған 119 іс-шара кірді. Жоспар бизнесті қолдау және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар пакетін қамтиды.

Жеңіс Қасымбек жаңа жұмыс орындарының ашылуын, жергілікті өндірушілерді қолдауды атап өтті. Ол мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды күшейтуді тапсырды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына ерекше назар аудару қажет, деп есептейді аймақ басшысы.

- Облыстың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оң. Негізгі көрсеткіштер бойынша өсім қамтамасыз етілді. Бұл қарқынды баяулатуға болмайды. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін тағы не істеу керек, ұсыныстарыңызды беріңіздер. Қазақстандық өнімдерді алға жылжыту керек, жергілікті қамтуды арттыру үшін жұмыс істеу қажет. Міндет - экономиканы қалпына келтіру бойынша барлық шараларды қабылдау, тұрақтылықты сақтау және жыл қорытындысы бойынша барлық жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуіміз тиіс, - деді Жеңіс Қасымбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT