Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
2019 жылғы 6 қыркүйек 17:28
Бөлісіңіз:

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 41 жастағы Абзал Нүкенов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін елордадағы «Астана» халықаралық ғылыми кешені Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. Кадрлық өзгерістер туралы актив отырысында өңір басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Қарқаралы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ақтөбеде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абзал Нүкенұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік сала мен ішкі саясатқа жауап береді. Оған білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласы, тіл саясаты, ішкі саяси тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселесі, жастармен және БАҚ-пен жұмыс кіреді», - деді Ерлан Қошанов.
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 маусымда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «саясаттанушы, саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы «Отан» Республикалық саяси партиясынан бастаған. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметке кірісті.
2011-2016 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінде Қауіпсіздік кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2016-2018 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болды.
2018 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Басты сөздер:
Тағайындау,
Лауазымнан босату мен тағайындаулар,
Қарағанды облысы,
Әкім,
Жергілікті органдар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қарағанды облысында лифтіні қалпына келтіру бойынша бағдарлама іске қосылды
- Алматы кәсіпкерлерін қолдауға 30 млрд теңге бөлінеді
- Автобустардың экологиялық таза болуын талап етеміз - Бақытжан Сағынтаев
- Асқар Мамин жұмысы баяу әкімдерді сынға алды
-
СҚО-да елге еңбегі сіңген бір топ азамат марапатталды
-
Полиция департаментіне жаңа ғимараттың орнын белгілеудеміз – Көлгінов
Загрузка...
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER