+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

2021 жылғы 26 шілде 09:40
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымды Вадим Басин атқаратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әуежайының президенті ауысты Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды ШҚО құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұрын ол «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеген. Жаңа лауазымда ол энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Өзінің жаңа орынбасарын өңір әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте таныстырды.

Вадим Басин 1962 жылы дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар: 1985 жылы «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1990 жылы «Өнеркәсіптік электроника мамандығы бойынша Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын аяқтады.

Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтің инженер-электригі, аглоцех бастығының электр өңдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2003 жылы «Испат-Кармет АҚ бас энергетигі болды.

2011 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды.

2017 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Вадим Басин «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды, «Отан» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT