Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ол облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының лауазымды тұлғаларымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында облыстың мүмкіндігі шектеулі адамдарын арнайы қатынас көліктерімен қамтамасыз етуге бөлінген 36 млн теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр», - деді Агенттікте өткен баспасөз мәслихатында Арман Бердалин.

Оның айтуынша, атап айтқанда, техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін және көтеріңкі бағада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кресло-арбаларын жеткізу бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Сот санкциясымен күдіктіге және оның үш сыбайласына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар