Қарағанды облыстық сотының аймақтың бұрынғы әкімі Б.Әбдішевке қатысты шығарған қаулысында жіберілген қате түзетілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасының аймақтың бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты шығарған қаулысында қателікпен оған тағылмаған айып бабы көрсетілген. Бұл туралы облыстық соттан хабарлады.

«Қате кету салдарынан қаулыда ҚР ҚК-нің 207-бабының 4-тармағы «Жалған төлем карточкаларын және өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын дайындау немесе өткізу» көрсетілген. Ал іске қатысты дәлелді бөлімде ҚР ҚК-нің 307-бабы көрсетілген», - делінген облыстық соттың ресми түсіндірмесінде.

Мұндай жағдайда ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 422-бабының 10-шы бөліміне сүйену керек екені атап өтіледі. «2014 жылдың 31 желтоқсанында судья Жұмабай Әбішев жіберілген қате түзетіліп жазылған қосымша қаулы шығарды», делінген хабарламада. Облыстық сотта аталып өткендей, қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы қызметтік өкілдігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталып отырған Б.Әбдішевке қатысты бірінші инстанциялық соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын төрт айға дейін созу туралы қаулысын өз күшінде қалдырған. Бұрын хабарланғандай, Б.Әбдішевтің қамалу мерзімі 2015 жылдың 23 қаңтарына дейін созылады. Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы әкіміне ҚР ҚК-нің 307-бабының 4-бөлімі - «Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бойынша айып тағылды. Тергеу нұсқасы бойынша, Әбдішев жаяужол плиткасын жасаумен айналысатын «ЕуроСтандарт Қарағанды» ЖШС зауытының мүдделерін көздеген. Істің материалдарына сәйкес, кәсіпорын оның танысының атына рәсімделген. 2012 жылдың қаңтары мен мамыр айында «ЕуроСтандарт Қарағанды» ЖШС мен «Мәдениет, демалыс және гүлзарлар саябақтары басқармасы» КМК арасында жасалған келісімшарттар сомасы 1,2 млрд. теңгеден асып кеткен. Естеріңізге сала кетейік, Б.Әбдішев Қарағанды облысының әкімі болып 2013 жылдың қаңтарында тағайындалды. 2014 жылдың маусым айында ол өз өтініші бойынша отставкаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар