Қарағанды облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды
2022 жылғы 30 наурыз 16:56

Қарағанды облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Президенттің 2022 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Ерден Әріповты ұжымға Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов бейнеконференция кезінде таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Өтешов, құқық қорғау органдарының басшылары, алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, соттар әкімшісінің басшылығы қатысты.

Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов облыстық сот төрағасын сот корпусына таныстыра отырып, Ерден Рауанұлының судьялық қызметте көп жылдық тәжірибесі бар екенін, оның жоғары кәсібилігін атап өтті.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек бұрыңғы облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріповке облыстың сот жүйесі дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын білдіріп, жаңадан тағайындалған төраға Ерден Әріповке сәттілік тіледі.

Жиын соңында Жақып Асанов өңірдегі судьялар корпусының алдына сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту және судьялардың біліктілігін арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

«Ерден Әріпов 1963 жылы Алма-Ата облысының Нарынкөл ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша заңгер. Осы лауазымға дейін Қазақстан Республикасының Жоғары сотында судья қызметін атқарған», - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT