Қарағанды облыстық Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жаңа басшысы қызметіне Ерлан Файзуллин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, департаменттің жаңа басшысын Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пен облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.

Е.Файзуллин 1973 жылы дүниеге келген, жоғары білімі бар. Құқыққорғау органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бастап істейді. Орта және аға басшылық құрамдарда түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Басшылық лауазымда да жұмыс тәжірибесі бар. Қостанай облыстық полиция департаменті Федеров аудандық полиция бөлімінің бастығы, аталған департамент бастығының орынбасары, 2018 жылдың желтоқсанынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.

null

Соңғы жаңалықтар