Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда облыстық мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Жаңа құрамға 38 депутат – төрт партияның өкілдері кірді. Сайлау нәтижесі бойынша 29 мандатты Nur Otan партиясы, үш мандаттан – «Ауыл», «Ақ жол» және Қазақстанның Халық партиясы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сайлау күрделі болды, өйткені төрт деңгейлі. Мәжіліс, облыстық қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлады. Барлық ұйымдастырушылық мәселелер жақсы деңгейде шешілді. Санитарлық талаптарға сәйкес қажетті

материалдық-техникалық база қамтамасыз етілген. Барлық 778 сайлау учаскесінде сайлау өтті. Комиссияның 5 мыңнан астам мүшесі жұмыс істеді.

Сайлау барысын 5 мыңнан астам тәуелсіз байқаушы бақылады. Шетелден сегіз адам келді, олардың екеуі - ұзақ мерзімді. Заң бұзушылыққа шағым түскен жоқ», - деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов.

Облыста 920,4 мың сайлаушы тіркелген. Сайлауға қатысу шамамен 71% құрады.

Облыстық мәслихаттың құрамы 60%-дан аса жаңартылды. Депутаттар арасында әйелдер мен жастар көп. Таңдалғандардың жасы 30-дан 70 жасқа дейін.


Бірінші сессияда депутаттар облыстық мәслихаттың хатшысын сайлады. Серік Өтешов өз лауазымын сақтап қалды.

Сондай-ақ, бес тұрақты комиссияның құрамы сайланды: бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша; әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау бойынша; өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері бойынша; құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық және экология бойынша; депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері бойынша.


Nur Otan партиясының облыстық мәслихатының депутаттық фракциясы тіркелді.

«Алғаш рет Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына сайлау партиялық тізімдерді ұсыну бойынша, сондай-ақ әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерде 30 пайыздық квотаны сақтай отырып өтті. Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы төрт партиядан тұрады. Саяси көзқарастардың әртүрлілігіне қарамастан, сіздер ең алдымен әділдік пен адалдыққа негізделе отырып, біздің облысымыздың игілігі үшін жалпы сараланған шешімдер қабылдауларыңыз керек. Жалпы, депутаттық корпусты түрлі мамандықтағы адамдар қалыптастырды. Сіздердің араларыңызда дәрігерлер, мұғалімдер, фермерлер, кәсіпкерлер бар. Сайлау алдындағы күресте сіздер облыстағы жағдайды мұқият зерттедіңіздер, біздің барлық проблемаларымыз бен артықшылықтарымызды білесіздер. Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттар


мен міндеттерге қол жеткізу үшін бірге сындарлы жұмыс істейміз деп сенемін», - деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңадан сайланған депутаттарға.

Келесі, екінші сессияның күн тәртібі бекітілді. Депутаттар алдыңғы шақырылым мәслихат шешімдерінің орындалуы мен өңірдегі жастар саясатының іске асырылуын талқылайды.


Соңғы жаңалықтар