Қарағанды облыстық мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы жарияланды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2023 жылғы 19 наурызда Қарағанды облыстық мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы өтті.

Сайлаушылардың тізіміне өңір бойынша 761 673 азамат енді. Дауыс беруге 452 538 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 417 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 6115 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 6 саяси партия қатысты.

Облыстық сайлау комиссиясы саяси партиялар үшін берген дауыстар санын жариялады.

«Amanat» партиясы – 231 843 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 51,67%;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 57998 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 12,92%;

«Respublica» партиясы – 27 292 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,08%;

Қазақстан Халық партиясы – 46790 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,43%;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 27590 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,15%;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 48323 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,77%;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдерінің саны – 8905», - деп мәлімдеді сайлау комиссиясынан.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар келесідей бөлінді:

«Amanat» партиясы – 10;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2;

«Respublica» партиясы – 1;

Қазақстан Халық партиясы – 2;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 1;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 2;


Соңғы жаңалықтар