Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының басшысы әдепсіздігі үшін жазаланады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев дөрекілігі үшін жауапқа тартылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әдеп бойынша кеңес хатшылығы Ағымбаевқа қатысты қызметтік тергеу жүргізді. Оның қызметтік этиканы бұзғаны расталды», - деді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Марат Рахымжанов этика бойынша кеңес отырысында.

Ол Қарағанды кеншілері мәдениет сарайының заңгерінен шағым түскенін айтты.  

«Басқарма басшысы Ағымбаев М. Сұңғатты арсыз және  ұятсыз, сонымен қатар  есі дұрыс емес деп атаған», - деп атап өтті баяндамашы.

Этика бойынша кеңес мүшелері мәдениет басқармасының басшысы Әдеп кодексін бұзғанымен келісіп, оған сөгіс жариялауға ұсыныс жасады.  

Ағымбаев Астанаға сапарлағандықтан, отырысқа қатыспады. Кеңес мүшелері бұған наразылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар