Қарағанды облыстық әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің және Әділет министрінің келісімімен Қарағанды облыстық әділет департаментінің басшысы болып Тимур Қуатұлы Ермағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Департамент ұжымына жаңа басшыны ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Азамат Әмірғалиев таныстырды», - деп атап өтеді министрліктің баспасөз қызметінен.

Тимур Ермағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы ішкі істер органдарынан бастады. 2011-2014 жылдары ҚР Әділет министрлігі Қарағанды облыстық әділет департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2014-2015 жылдары ҚР Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру басқармасының басшысы болды. 2015-2019 жылдары ҚР Әділет министрлігі Қарағанды облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары, ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалық орталығының Қарағанды облысындағы Сот сараптамасы институтының директоры қызметін атқарды. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінде жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар