Қарағанды мен Теміртауды жалғайтын жол қазан айында толық пайдалануға беріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қарағанды -Теміртау» автожолын жөндеу жұмыстары 2019 жылдың қазан айында аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, 2019 жылы жол жөндеушілер ұзындығы 15 км «Қарағанды-Теміртау» автожолының 1 444-1 457 км учаскесін аяқтауы тиіс. Бас мердігер - «СейСер» ЖШС.

«Қазір нысанда қиыршық-құм-цемент қоспасынан жасалған негізгі қабатты орнату, су өткізу құбырларын монтаждау және жер төсемін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, мамандар жолдың сол жағын кеңейту үшін цемент-бетон жабындысын төсеуге кірісті», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «Қарағанды-Теміртау» автомобиль жолын жаңарту жұмыстарын биыл қазан айында толық аяқтау жоспарланып отыр.

null null

Соңғы жаңалықтар