Қарағанды мен Петропавлда ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, 10 шілде күні Қазақстанның екі қаласындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Қарағанды және Петропавл қалаларында байқалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар