Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Қарағанды мемлекеттік университетінде жетім студенттерге материалдық көмек берілді

2010 жылғы 24 қараша 17:19 141
Бөлісіңіз:

ҚАРАҒАНДЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ректорының бұйрығымен жетімдер қатарындағы студенттерге материалдық көмек бөлінді, деп хабарлайды жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік көмек университеттің бюджеттен тыс қаржысынан көрсетілді. Мұндай қамқорлыққа 32 студент ие болды. Жалпы бөлінген сома шамамен 850 мың теңгені құрады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Бүгін материалдық көмекке ие болған студенттер ҚарМУ ректоры Еркін Көбеевпен кездесті. Кездесуде оқу және тәрбиелік үдерістерге қатысты түрлі мәселелер әңгімеге арқау болды.

Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан студенттерге қолдау көрсету - университеттің білім беру саясатының бір бөлігі, дейді жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT