+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қарағанды мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыратын болады

2020 жылғы 19 ақпан 16:31
Бөлісіңіз:
Қарағанды мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыратын болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыра бастайды. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен біз отбасының материалдық жағдайына қарамастан 1-ден 4-сыныпқа дейінгі оқушыларды кезең-кезеңімен ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдадық. Бірінші және екінші сыныптар биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 2021 жылы – үшінші сыныптар, 2022 жылы - төртінші сыныптар», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек өз есебінде мектептерді жөндеу бойынша 3 жылдық бағдарламаны ұсынды. Өңірде үш ауысымды оқытумен қатар апатты жағдайдағы бірде-бір мектеп қалмайды, деп мәлімдеді ол. Оқу орындарының 542 ғимаратын жөндеу және 11 жаңа ғимарат салу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 40 млрд теңге жұмсалмақ.

Әкімнің айтуынша, барлық мектепте қауіпсіздікті күшейту үшін бейнебақылау камерасы орнатылады.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ қалалық және ауылдық балаларда өзіндік дамудың қандай жаңа мүмкіндіктері пайда болатынын айтты. Облыста қосымша білім беру орталықтарының саны артылады. Осы жылы Қарағандыда Балалар мен жеткіншектер сарайы және Сәтбаев қаласында Оқушылар сарайы ашылады. Ақтоғай, Ұлытау және Қарқаралы аудандарында жас туристер мен натуралистер стансаларын ашу жоспарланып отыр. Жаңаарқа ауданында Оқушылар үйі салынады, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында балалар технопарктері жабдықталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT