Қарағанды мектебіндегі өрт: Оқушылар сабақтарын жалғастырады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда шатыры жанып кеткен мектептің оқушылары сабақтарын жалғастыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін сағат 20.36-да Октябрь ауданы, Шығыс-1 шағын ауданындағы №36 жалпы білім беру мектебінің шатыры жана бастады. Өрт 22.55-те толығымен сөндірілді. Жалын мектептің 300 шаршы метр аумағын шарпыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Қарағанды облысы Білім басқармасының басшылығы оқу процесін жалғастыру үшін оқушыларды басқа мектептерге уақытша орналастыру туралы шешім қабылдады», - деді  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

 

Соңғы жаңалықтар