Қарағанды қоймаларында 1 млн тоннадан астам көмір қоры бар

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының электр стансалары көмір мен мазуттың қажетті қорымен қамтамасыз етілген. Өңірде биылғы жылыту маусымына дайындық жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нақыпбеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды өңірінің жеті электр станциясында жеткілікті отын қоры бар. Қоймаларда 1 млн 90 мың тоннадан астам көмір және 21 мың тонна мазут дайындалған.

Қазіргі уақытта облыста көмір сататын 33 нүкте жұмыс істейді. Қатты отынды жеткізу маусым айында басталды.

Оның ішінде халықтың қажеттілігі үшін көмір жеткізіліп жатыр.

Сондай-ақ, барлық ірі энергия көздерінде негізгі жабдықтарды жыл бойы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 32 қазандық пен 19 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жөндеу процесінде 8 қазандық пен 5 турбина қалады.

Мамырдан қазанға дейін аймақтың жабдықтары мен желілерін дайындау жұмыстары жүргізілді.

«7 станция, 680 жергілікті қазандық, 570 электр қосалқы станция және 2 мың шақырымнан астам инженерлік желілер, оның ішінде жылу, су және электр желілері жабдықтарын дайындау орындалды. 1126 әлеуметтік нысан мен 5,5 мың көпқабатты үй дайындалды», – деді Нұржан Нақыпбеков.

Ірі жобаларда жұмыс жалғасады. Келесі жылы Қарағандыда ЖЭО-3-те үшінші жылу таратқыштың құрылысы аяқталуы тиіс.

Бүгінгі таңда 7 мың шақырым құбыр төселді. Болашақта осы станциядан Оңтүстік-Шығыста белсенді салынып жатқан шағын аудандар жылумен қамтамасыз етіледі.

Балқашта 1-ші және 2-ші жылу магистральдары бойынша ірі жоба қолға алынған. Олар қала тұтынушыларының басым бөлігін жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Жөндеу жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары Сарандағы қазандықта да жүріп жатыр. Олар аяқталғаннан кейін 2023 жылы тұрғындар орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі.


Соңғы жаңалықтар