Қарағанды көшесіндегі гүл өсірілген құмыралар неліктен алынып тасталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды көшелерінен гүлдері солған қыш құмыраларды біртіндеп алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл жазда саябақтар мен парктерде, көшелерде 150 мың аспалы шырайгүл ілініп, қала сәнін келтіріп тұрды. Олар сәуірден маусымға дейін бірнеше кезеңде отырғызылды. Қарағанды әкімдігіне қарасты Мәдениет, демалыс және гүлзарлар парктері мекемесінің жұмысшылары әзірге тек солған гүлдерді жинап жатыр. Қалғандары қыркүйектің соңына дейін тұрады және оларды бұрынғыша суғара бермек.

null Қазіргі таңда басқарма қызметшілері Нұркен Әбдіров, Республика, Құрылысшылар даңғылдарында, Магнитогор көшесінде және қаланың басқа да бөліктерінде еңбек етіп жатыр.

Осы маусымда жолдардың бойында 7 500, бағаналарда 730 аспалы құмыра, алаңдарда, гүлзарлар мен саябақтарда 166  сәндік гүл құрылымдары, магистральдік тасжолдардың бөлу жолағында 83 гүл аркалары орнатылды. 

Соңғы жаңалықтар