Қарағанды коммуналдық қызметкерлері көшелерді қардан жаңа тәсілмен тазартуға кірісті

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының коммуналдық кәсіпорындары қала көшелерін қардан жаңа әдіспен тазартуға кірісті. Енді белгілі бір көшелер түнде жабылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші түн қатарынан қарағандылық коммуналдық қызметкерлер жол мен тротуарларды қар мен қар үйінділерінен тазарту үшін таңға дейін бір көшені толықтай жауып тастады. Жаңа әдіс туралы қала әкімі Мейрам Кожухов Instagram парақшасында жазды.

«Кеше біз көшелерді тазалаудың жаңа әдісін қолданып көрдік. Түнде Ерубаев көшесін жауып, толығымен тазарттық. Бүгін түнде сол әдіспен Сәтбаев көшесінде қар тазалауға кірістік. Енді біз қаланы осылай ретке келтіруді жоспарлап отырмыз: түнде белгілі бір көшені жауып, жолдарды, техникалық және жаяу жүргіншілер тротуарларын тазалап, қар үйінділерін шығарамыз», - деп жазды қала басшысы өз парақшасында.

Ал, жекеменшік нысандардың іргелес аумағы уақтылы тазаланбаса, қала әкімі кәсіпкерлерге айыппұл салынатынын ескертті.

«Кәсіпкерлер, дүкендер, сауда орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқа нысандар иелері, іргелес аумақтардан қар шығаруды ұмытпаңыздар! Әйтпесе, айыппұл салынады. Көктемде жертөлелерден суды сорып алмау үшін басқарушы компаниялар аулаларды тазалауы керек», - деп қосты Мейрам Кожухов.

Айтуынша, жақын арада коммуналдық қызметтер көктемгі су тасқыны кезінде су басу қаупі бар учаскелерден қар шығаруды бастайды.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар