+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Қарағанды командасы көкпардан республикалық турнирде жүлдегер болды

2021 жылғы 9 сәуір 01:01
Бөлісіңіз:
Қарағанды командасы көкпардан республикалық турнирде жүлдегер болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық әртістердің Qaraģandy тобы Тараз маңындағы «Бестөбе» ипподромында өткен көкпардан республикалық «Өнер көкпары» сайысында үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бірінші кезеңде қарағандылық көкпаршылар шымкенттік «Құлагер» командасымен жарысып, 2:1 есебімен ұтылды.

Содан кейін кеншілер шаһарының өкілдері Тараздан келген «Әулие ат»« командасымен бақ таластырып, алаң иелерін 3:1 есебімен жеңді.

Үш голдың екеуін капитан Ерік Тезекбаев және бір голды Данияр Дүйсенбаев соқты.

Үшінші орын үшін күресте Qaraģandy 4:1 нәтижесімен алматылықтарды жеңді. Тағы да Ерік Тезекбаев (үш) пен Данияр Дүйсенбаев (бір) гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, көкпардан әртістер арасында турнир алғаш рет өткізілді. Жарысты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы.

Жоба үйлестірушісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дарынды жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досымжан Таңатаров.

Турнирге Қарағанды, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының танымал адамдары қатысты. Қатысушылар арасында композитор Бауыржан Есебаев, актер Мадияр Серікбаев, кино жұлдызы Тәуекел Мүсілім, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Шахризат Сейдахмет, әншілер Бағлан Әбдірайымов, Серік Ибрагимов және басқалар болды.

Көкпардан республикалық турнир Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT